Бүгін Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде ерекше күн! 🌟 1992-1996 жылдары дәл осы мектепті басқарған, білім саласының майталманы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова апайымыздың және «Альянс-Техносервис» компаниясының қолдауымен STEM кабинеті салтанатты түрде ашылды! STEM кабинеті – оқушылар үшін ғылым мен технология әлеміне енуге, шығармашылық жобалар жасауға және болашаққа батыл қадам басуға мүмкіндік беретін инновациялық орталық. Ашылу салтанатына Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Сүлейменов Марат Бекбосынұлы және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Білімді қолдауға бағытталған бұл игі істер – болашақ ұрпақ үшін берік іргетасы. Ғылым мен білімге құштар болайық! Жастарымыздың болашағы жарқын болсын!
Заполните форму и мы обязательно свяжемся с Вами или свяжитесь с нами
Контактный номер
Электронная почта
Наш адрес
Наш instagram
@alyansts.kz